Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ортақ декларация жариялады

Мәжіліс төрағасы Исмаил Кахраман оқыған декларацияда халық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырылды.

530846
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ортақ декларация жариялады

Түркия Ұлы Ұлыттық Мәжәлісі (ТҰҰМ) Жалпы кеңесінде 4 партияның ортақ декларацияға қол қойды.

Мәжіліс төрағасы Исмаил Кахраманның Жалпы кеңесте оқыған декларация былай:

«Біздер Әділет және даму партиясы, Республикашыл халық партиясы, Ұлтшыл қозғалыс партиясы және Халықатардың демократия партиясы саяси топтары ретінде батыл ұлтымызға, билікке, мемлекетке, әсіресе де ұлтт пен биліктің көрсеткіші депутаттар мен Мәжіліске бағытталған 15 шілде күні басталып, 16 шілде күні таңғы уақытта тоқтатылған төңкеріс бастамасы мен Мәжіліске бағытталған шабуылдарды айыптаймыз. Ұлтымыз төнкерістің алдын алып, қанды төнкерісті тоқтатты. Түркия Республикасы және мекемелері, жанын ортаға қойып қорғаған ұлтымыз әртүрлі мақтауға ие. Осы жолда жанын берген шәйіттерімізге борыштымыз және сол батырларды ешқашан ұмытпаймыз. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ретінде ұлтымыз берген жауапкершілікпен бомба және атылған оқтар астында міндетін орындап, тағы бір рет ұлтымызға лайық бір Мәжіліс екенін көрсетті. Мәжілісіміз бір жүрек болып, ортаға қойған батылдығымен абыройын таптатқызбады.

«Мәжілістің төңкеріс бастамасына қарсы ортаға қойған тұрақтылығы аса маңыызды».

Мәжілістің төңкеріс бастамасына қарсы ортаға қойған тұрақтылық, демократияның одан да жетілуі тұрғысынан өте құнды. Барша жақсы білу керек. Бүгін болғандай, келешекте де ұлтымызға, билікке, ардагер Мәжілісімізге зиян келтіретін әр күшке қарсы Мәжіліс қарқынды дауысымен қарсы шығатын болады. ТҰҰМ ұлттың демократияға деген сенемін көрсетті. Мәжіліміздегі бүкіл саяси партия топтарына ортақ бір ұстаным және ортақ ауыз бірлігімен қарсы шығуы тарихқа қол таңбасын қалдырады. Бұл ортақ ұлттық басқару мен ұстаным ұлтымызды одан да күшейтеді. Мәжіліс міндетін атқаруда және Ұлттың мәжілісі, ұлт пен егемендігіне бағытталған бұл шабуылды жасаушыларға заңдарға сәйкес лайықты жазаны береді. Түркияда еш нәрсенің бұрынғыдай еместігінің ең нақты дәлелі де бұл ортақ декларация болып табылады. Төрт саяси партия ретінде әртүрлі көзқарастарға ие болсақ та, барлық депутаттарымызбен, бүкіл мекемелерімізбен, ұлттық билікті жақтаймыз, ұлттық билікке баршамыз бірге ие шығамыз және мұны мәңгі жалғастырамыз. Ұлтымыз бізге сенеді.

Демократиялық наразылық шегінен шығып, елімізге жараспайтын қақтығыстардан аулақ болуды халқымыздан сұраймыз. Шәйіттерімізді құрметпен еске аламыз. Жаралыларға жедел шипа тілейміз, ұлтымыздың тыныштығын қалаймыз. Түркияға қолдау жолдамаларымен ынтымақтастығын көрсеткен бүкіл дос және бауырлас елдерге де алғысымызды білдіреміз.

          Қол қоюшылар:

  • Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Исмаил Кахраман
  • Әділет және даму партиясы төрағасы Бинали Йылдырым
  • Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу
  • Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчели
  • Халықтардың демократиялық партиясы төрағасы Идрис Балукен


Ұқсас жаңалықтар