Түркия - мега жобаларда бірінші

Түркия өткен жылы мега-жобалар тізімінде лидер болды.

528568
Түркия - мега жобаларда бірінші

Түркия өткен жылы барлығы 44,7 миллиард долларлық 7 жобамен әлем көлемінде мемлекеттік және жеке меншік сектор ынтымақтастығымен инвестициялардың 40 пайызын жүзеге асырып,  мега-жобалар тізімінде лидер болды.

Әлемдік банк 2015 жаһандық мемлекет және жеке меншік сектор ынтымақтастығы рапортының деректеріне қарағанда өткен жылы жаһандық көлемдегі барлық инвестиция құны 111,7 миллиард доллардан 111,6 миллиард долларға азайды.

Түркия салған инвестициясымен бұрынғы жылдың чемпионы Бразилияны артта тастап, бірінші орын алды.  Тізімнің екінші орнында 18 жобамен орын алған Колумбиядан да төрт есе артық.

Үшінші орында Перу бар.

Перуден кейін 5,9 миллиард долларлық 13 жобамен Филиппиндер келеді.



Ұқсас жаңалықтар