Түркия шекарасында мың 798 заңсыз мигрант ұсталды

Бас Штаб Басқармасы интернет парақшасынан мәлімдеме жасады.

527239
Түркия шекарасында мың 798 заңсыз мигрант ұсталды

Заңсыз түрде шекарадан өтуге әрекет жасаған мың 798 адам ұсталды.

Бас Штаб Басқармасы интернет парақшасынан жасалған мәлімдемеде іздеу құтқару жұмыстары мен маңызды ел көлеміндегі оқиғалар жайлы ақпарат бөлісілді.

Осыған қарағанда Құрлық күштері қолбасшылығы шекара жасақтары тарапынан кеше Сириядан Түркияға заңсыз өтуге әрекет жасаған мың 613, Түркиядан Сирияға заңсыз өтуге әрекет жасаған 57 адам ұсталды.

Ирактан Түркияға заңсыз өтуге әрекет жасаған 54 адам мен Ираннан Түркияға заңсыз өтуге тырысқан 2 адам да тергеуге алынды.

Түркияда еркін жүруге рұқсаты болмаған 120 адам мен Теңіз күзету қолбасшылығы жасақтары тарапынан Эгей теңіз айдынында 65 адамның да ұсталғаны білдірілді.

Кеше Кушадасы Чамлиман мүйісі маңында Теңіз күзету жасақтары үрлемелі қайықтағы 52 заңсыз мигрант пен Бодрумның Каргы аралының оңтүстігінде үрлемелі қайықпен теңіз айдынында төтенше жағдайға ұшыраған 13 келімсекті құтқарды.



Ұқсас жаңалықтар