Ердоған саммитке қатысады

Бұл туралы президенттік аппарат мәлім етті.

524791
Ердоған саммитке қатысады

Президент Режеп Тайып Ердоған Польшада өтетін НАТО Мемлекет және үкімет басшылары саммитіне қатысады.

Президенттік аппараттың хабарламасына қарағанда Ердоған бас қала Варшавада 8-9 шілде күндері өтетін саммитке қатысады.

Саммитте одақтас елдер НАТО-ның шешімдерінің орындалуын талқылайды. Басшылар айырықша Ауғанстандағы миссияға қолдау берген НАТО тысындағы елдердің өкілдерімен бас қосады.

НАТО-Украина комиссиясының жиналысында болса Украинадағы жағдай қолға алынады.

Президент Ердоғанға саммитте сыртқы істер министрі Чавушоғлу мен Ұлттық қорғаныс министрі Ышык серік болады.



Ұқсас жаңалықтар