Мемлекеттік лауазымдылар Ораза айтқа орай құттықтау жариялады

ТҰҰМ, Бас Штаб Басқармасы және Дін істері басқармасы төрағалары Ораза айтты құттықтады.

523733
Мемлекеттік лауазымдылар Ораза айтқа орай құттықтау жариялады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаил Кахраман, Бас Штаб Басқармасы төрағасы Хулуси Акар және Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез айтқа орай құттықтау жариялады.

Құттықтауларда бірлік пен ынтымақтастық ортақ тілек ретінде назар аударды.

ТҰҰМ төрағасы Исмаил Кахраман «Бейбіт және тыныштық ішінде өмір сүруіміздің мемлекет және ұлт ретінде мықты болуымызбен байланысты екенін, мықты болу үшін де алдымен бірлік, ынтымақтастық, достық сезімдерін жандандыру керектігін байқап отырмыз» деді.

Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Акар болса Түрік қарулы күштерінің бейбіт және тұрақтылық тақырыбында маңызды роль ойнағанына назар аударды.

Акар жолдамасында «Түрік қарулы күштері әртүрлі қауіп және қорқытуға қарсы қасиетті отан топырағын қаны мен жанын пида етіп қорғауын жалғастырады» делінді.

Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез Ислам жағрапиясындағы оқиғаларға назар аударып, бұл айттың өкінішпен өтетінін атап көрсетті.

Гөрмез Ораза айттың Түркияда наным мен тыныштықтың тұрақты болуына, адамзаттың бейбітшілік және әділетіне ықпал етуін тіледі.



Ұқсас жаңалықтар