Министр Ала террорды қолдағандарға ескерту жасады

"Отпен ойнамаңыз".

516356
Министр Ала террорды қолдағандарға ескерту жасады

Ішкі істер министрі Эфкан Ала террорға қолдау бергендерге ескерту жасады.

Террормен күрестің тұрақтылықпен жалғасатынын атап айтқан министр Ала террорға қолдау бергендерге үн қатып «Отпен ойнамаңыз. Террорға қарсы ашық түрде ұстанымыңызды ортаға қоймай, шаралар қабылдамайтын болсаңыз, бұл өрт сізді де күйдіреді» деді.

Бурсада Азаматтық қоғам мекемесі өкілдерімен ауыз ашарда бас қосқан министр Ала «Осы террор бәлесін Құдай қаласа сіздің ұстанымыңыз, біздің шыдамдылығымызбен Түркияның аяғынан кісең болудан құтқарып, тарихтың қоқысына тастаймыз» деді.

Ала кейбір мемлекеттердің Түркиядағы ынтымақтастықтың қандай жетістіктерге қол жеткізетінін білгені үшін олардың қуыршағына айналған құрылымдарды Түркияның жолын жабу мақсатты қолданғанын айтты.

«Сол қуыршақтарға емес, оларға арқау болған иелеріне үн қатамын» деген Ала кейбір елдердің террорға қолдау беріп, террорға қарсы нақты ұстаным ортаға қоймаған жағдайда бұл бәленің оларға да жұғатынына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар