Сыртқы істер министрлігі жаңа өкілетті елшілерді тағайындады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өкілетті елшілерге жаңа міндеттерін телефон арқылы хабарлады.

509135
Сыртқы істер министрлігі жаңа өкілетті елшілерді тағайындады

Сыртқы істер министрлігі кеңесшісі Феридун Синирлиоғлу БҰҰ Тұрақты өкілі, Сыртқы істер министрі орынбасары Нажи Кору БҰҰ Женева тұрақты өкілі, Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танжу Билгич болса Белградтың өкілетті және төтенше елшісі ретінде тағайындалды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өкілетті елшілерге жаңа міндеттерін телефон арқылы хабарлады.

Бағдат өкілетті елшісі Фарук Каймакчы Еуроодақ тұрақты өкілі, Сыртқы істер министрлігі кеңесші орынбасары Али Кемал Айдын Берлин өкілетті елшісі, Сыртқы істер министрілігі кеңесші орынбасары Мурат Салим Эсенли Рим өкілетті елшісі, Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс Бас директоры Джан Диздар Абу Даби өкілетті елшісі, Сыртқы істер министрлігі кеңесші орынбасары Левент Мурат Бурхан Дублин өкілетті елшісі ретінде тағайындалды.

Еуроодақ министрлігі кеңесшісі Рауф Энгин Сойсал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілі, Сыртқы істер министрлігі екі жақты саяси жұмыстар бас директоры өкілетті елші Хулуси Кылыч Кишинев өкілетті елшісі, Зерттеу және қауіпсіздік жұмыстары бас директоры өкілетті елші Тунч Үғдүл Варшава өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Братислава өкілетті елшісі ретінде Аслыгүл Үғдүл тағайындалды.



Ұқсас жаңалықтар