Стамбұлдың әлемді қызықтырған үлкен жобалары

Әлемді таң қалдыратын Стамбұл жобаларының бірінен соң бірі іске асырылады.

509066
Стамбұлдың әлемді қызықтырған үлкен жобалары

Премьер-министр Бинали Йылдырым Бакыркөй-Бахчелиевлер-Киразлы метро желісінің іргетасын қалау рәсімінде айтқан сөзінде қасиетті бір айда, мүбәрак бір қалаға жақсы бір қызметті бастағанына риза екенін атап айтты.

Йылдырым «Стамбұлға қызмет ету ғибадат сияқты. Халыққа қызмет Аллаға қызмет деген сөз. Стамбұл өркениет, мәдениет, тарих, ғылым және сауда қаласы» деді.

Йылдырым Еуропа мен Азия жағалауындағы темір жолы желілерін Босфор бұғазының астынан өткен бір туннельмен біріктірген Мармарайдың ашылғанын, Мармарайға қоса Босфор Бұғазы мен құрлық туннель жолы жобасы болған Еуразия туннелінің де 20 желтоқсан күні ашылатынын білдірді.

Үстінен әлемнің ең үлкен пойыз жолы өткен Явуз Сұлтан Селим атындағы аспалы көпірді Стамбұлға салғандарын атап айтқан Йылдырым 26 тамыз күні үлкен бір қуанышпен көпірді ашатындарын атап айтты.

Премьер-министр «Екі үлкен қаланы бір-бірімен байланыстыратын Стамбұ-Измир трассасы және Османгази көпірі әлемнің 4-ші үлкен көпірі болып табылады. 30 маусым күні оны да іске қосамыз. »2018 жылы 26 ақпан күні болса әлемнің ең үлкен әуежайын Стамбұлда ашамыз. Бір бұғаз жетпейді. Сол үшін Стамбұлға екінші бір бұғаз жасаймыз. Екінші бұғазымыз – Канал Стамбұл» деді.



Ұқсас жаңалықтар