Шәйіт тумалары мен ардагерлерге ауыз ашар берді.

Президент Режеп Тайып Ердоған террорың тамырын жойғанша күрестің жалғасатынын айтты.

506302
Шәйіт тумалары мен ардагерлерге ауыз ашар берді.

Президент Режеп Тайып Ердоған террорың тамырын жойғанша күрестің жалғасатынын айтты.

Ердоған Президенттік сарайда өткен ауыз ашарда шәйіт тумалары мен ардагерлерді қонақ қылды.

Президент 20 шілде күнінен бері ел ішінде және шетелде бөлшектеуші террор ұйымының 7 мың 600 мүшесінің өлтірілгенін,  баспаналарының көбінің жойылғанын және жойылып жатқанын атап көрсетті.  Ердоған терроризм проблемасын осы елдің күн тәртібінен шығарғанға дейін күресетіндерін айтты.

Терроризмге деген сырттан келген қолдауға да тоқталған президент: «бір ғасыр бұрын мыңдаған км қашықтықтан түрлі ұлт әскерлерін Чанаккалеге алып келген кім болса,  бүгінгі таңда да әлемнің түкпір-түкпірінде террористтерді ұйымға айналдырған да солар.  Сол күні Стамбулда басып алуды армандағандар бүгін де террор ұйымын осы мақсатта қолданып отыр. Крестші жорықтар,  моғол басқыншылығы Севр келісімі шала қалдырған істі бұл жолы террор ұйымы арқылы аяқтағысы келеді.  Қандықол террор ұйымдарын бір шаңырақта бірлестірген себеп осы» деді.

Президент Ердоған: «100 жыл бұрын қалай келіп, қалай кеткен болса,  бүгін де террор ұйымын бізге шаптырып отырғандар тағы да ойсырай жеңіледі» деді.

Ауыз ашарда сөз сөйдеген Ердоған шәйіттік мәртебесінің ең биік мәртебе екенін еске салды.  «Топыраққа берілген әрбір шәйіт, ардагер мәртебесіне жеткен әрбір бауырымыз мемлекет және ұлт ретінде болмыс пен бірлігіміз,  болашағымыздың мөрі іспеттес» деді ол.

Стамбулдағы террор лаңкестігін жасаған террористтердің де адам емес екендерін атап көрсеткен президент: «Құран осындай адамдарды малдан да төмен деп атайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар