Ердоған қол сұғылмаушылық құқын шектейтін жарлыққа қол қойды

Аталмыш заң жобасы ресми газетте жарияланды.

506339
Ердоған қол сұғылмаушылық құқын шектейтін жарлыққа қол қойды

Президент Режеп Тайып Ердоған депутаттарды қылмыстық қол сұғылмаушылық құқығынан айыру туралы жарлыққа қол қойды.

Аталмыш заң жобасы ресми газетте жарияланды.

Осыған қарағанда 7/11/1982 күнгі және №2709 Түркия Республикасы атазаңына уақытша бір бап енгізілді: Бұл бап іске қосылған күннен бастап 15 күннің үшінде Атазаңы мен Әділет комиссиялары мүшеліктерінен құрылған Аралас комиссия басшылығында, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) әкімшілігінде, премьер-министрлікте және Әділет министрлігіндегі депутаттарды қылмыстық қол сұғылмаушылық құқығынан айыру туралы қылмыстық істер, қажетті шараларды қолдану мақсатты тиісті заң органдарына жеткізіледі.

Депутаттарды қылмыстық қол сұғылмаушылық құқығынан айыру туралы заңның бекітілуімен 152 депутатқа сот процесін жүргізуге жол ашылады.



Ұқсас жаңалықтар