Армян патриархының орынбасары президент Ердоғанға хат жолдады

Армян патриархының орынбасары Германия қабылдаған шешімнің артынан Ердоғанға хат жолдады.

506281
Армян патриархының орынбасары президент Ердоғанға хат жолдады

Түркия армян патриарх уәкілі Арам Атешян Германия Федеральды Мәжілісінің 1915 жылғы оқиғалармен байланысты қабылдаған шешім жайлы президент Режеп Тайып Ердоғанға бір хат жолдады.

Атешян хатында Федеральды Мәжілістің өзін сот төрешісінің орнына қоюын қабылданбайтынын атап, «Шешім ұлтымыздың назарында үлкен қайғыға себеп болды» деді.

Германия Федеральды Мәжілісі қабылдаған шешімді сынға алған Атешян түрік және армян қоғамдарының қайғылы күндерін бастан кешкендердің немерелері екендерін атап, «Османлы мемлекетінің толық айыпталуы этикалық тұрғыдан дау-дамайлы бір мәселе» деді.

Атешян хатында терең тарихы бар екі көрші халықтың жиіркенішті және дұшпан сөйлемдермен бір-бірінен алыстатылуына рұқсат бермеу керектігін атап, тарихты саяси құралға айналдырғаннан гөрі достық және бейбіт нысаналармен жұмыстану керектігіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар