Рамазанда азық-түлік таратады

Түрік Қызылайы рамазан айында шетелде 2,5 миллион лиралық азық-түлік материалын таратады.

505768
Рамазанда азық-түлік таратады

Түрік Қызылайы рамазан айында шетелде 2,5 миллион лиралық азық-түлік материалын таратады.

Түрік Қызылайы төрағасы Керем Кынык әр сәтте мұқтаж жандардың қасынан табылған Түрік Қызылай ұйымының рамазан айы бойы әлеуметтік көмек таратуын жалғастыратынын айтты.

Өткен жылы ел іші және шетелде 20 мың адамға азық-түлік таратқандарын еске салған Кынык Түрік Қызылайы ретінде биыл Пәкістанда мың, Газада 15 мың, Бангладеште 2200,  Иракта 1700, Қазақстанда 100, Босния және Герцоговинада 1500, Сербияда 1500 және Ауғанстанда 2 мың пакет, барлығы 2 миллион 500 мың лиралық азық-түлік тарататындарын айтты.

Сомалиде ыстық тағам және азық-түлік көмегінің рамазанда да жалғасатынын білдірген Кынык Сомалиде күн сайын жылжымалы асханада пісірілетін 7500 адамдық ыстық тағамға қоса 4150 нан таратылатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар