Ердоған Германияны сынға тартты

Ердоған «Біздің тарихымыз мейірімділік, адамгершілік тарихы» деді.

504624
Ердоған Германияны сынға тартты

Ердоған «Біздің тарихымыз мейірімділік, адамгершілік тарихы» деді.

        Президент Режеп Тайып Ердоған ауыз жүзінде армян қауесеттерін Мәжілісте бекіткен Германияның алдымен Холокосттың есебін берулері керек екенін айтты.

        Ердоған Стамбул Сабахаттин Заим университетінде сөйлеген сөзінде армян қауесеттеріне қолдау жасаған Германияны сынға тартть. Ердоған «Германия әлемде қырғын жөнінде бізге сөз айта алатын ең соңғы ел болып табылады» деді.

        Бір адамның өмірі сынды мемлекеттің тарихы да жақсы және жамандығымен еске алынатынын түсіндірген Ердоған Селжуклу, Османлы, Әл-Андасуси, Бабур сынды мемлекеттердің ғылым, мәдениет, көркемөнер және саясат тарихында теңдессіз үлес қосқанына назар аударды.

        Түркияның барша әлемде адам баласына қосқан үлесіне орай мақтауға ие екенін баяндаған Ердоған «Африканың қай жеріне барсақ та емін-еркін көңіліміз таза барамыз. Африкалықтар бізді барлық сүйіспеншілігімен қарсы алады» деді.

        Президент Ердоған осы таңда Түркияға адам құқықтары сабағын беруге тырысқан елдердің барлығының Африкадағы құрлықтары тарихының қан, көз жасы, қырғын және жауыздықпен еске алынғанын айтты.

        Ердоған «Бүгін Батыс қалаларының салтанатының жапсарында миллиондаған Африканың трагедиясы, көз жасы болғанын байқаймыз. Берлин, Париж, Брюссельдің керемет жолдарының астында Африкалықтардың жаны, қаны, еңбегі және көз нұры бар. Батыс осы қырғындарды жасыра алмайды» деген сөздер қолданды.

       Ердоған баяндамасында «Біздің тарихымыз қарғын тарихы емес. Біздің тарихымыз мейірімділік, адамгершілік тарихы. Арамыздағы айырмашылық осында» деді. Президент Түркияға мөлшермен 100 мың армян өмір сүргенін меңзеп, «Бұның жартысы азаматымыз, жартысы азаматымыз емес. Сирия және Ирактан келгендер сияқты оларды да күтіп алудамыз. Егер біз армян дұшпаны бір ел болатын болсақ, онда олардың бәрін Арменияға кері қайтарып жіберуші едік» деді.

 

.

 



Ұқсас жаңалықтар