Ердоған Германияны сынға тартты

Ердоған «Шын ниетті болыңдар» деген сөз қолданды.

504176
Ердоған Германияны сынға тартты

Ердоған «Шын ниетті болыңдар» деген сөз қолданды.

        Президент Режеп Тайып Ердоған әлемде қырғын жөнінде бізге сөз айта алатын ең соңғы елдің Германия екенін айтты.

        Түркияның өткен тарихта ұялатын бір қылмысының болмағанын баяндаған Ердоған ауыз жөнінде армян қауесеттерін қолдаған неміс саясатшыларына мұрағаттарын ашу жөнінде үндеу тастады.

        Армян қауесеттерін күн тәртіпке әкелгендердің тарихта миллиондаған адамның қанын ішкенін атап өткен Ердоған «Егер шын ниетте болсаңыз, дұрыс болсаңыз барлық мұрағаттарыңызды ашыңыз» деген сөздер қолданды.

        Германия премьер-министрі Ангела Меркельге де үндеу тастаған Президент Ердоған «3-4 күн алдында маған қолымнан келгенін істеймін деді. Бірақ шын жүректі емес. Дауысқа салу барысында қатыспады. Кем дегенде қатысып дауыс берсе мен де мойындаушы едім» деді.

        Ердоған «Немістер алдымен Холокостты қайтадан жарыққа шығарсын. Намибия қырғынына бір көз жіберсін» деді.

        Түркияның Еуропа елдерімен ешқандай бір мәселесі болмағанын білдірген Ердоған «Шын ниетті болыңдар» деген сөз қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар