Эфес-2016 жалғасуда

Эфес-2016-ның таңдаулы бақылаушы күні Измирдің Сеферихисар ауданында өтіп жатыр.

501181
Эфес-2016 жалғасуда
efes tatbikat.jpg
efes tatbikat.jpg
efes tatbikat.jpg
efes tatbikat.jpg

Түрік Қарулы күштерінің ең ауқымды әскери жаттығуларының бірі Эфес-2016-ның таңдаулы бақылаушы күні Измирдің Сеферихисар ауданында өтіп жатыр.

Жаттығуды президент Режеп Тайып Ердоған,  премьер-министр Бинали Йылдырым және Бас штаб төрағасы, армия генералы Хулуси Акар бақылауда.

Жаттығудың таңдаулы бақылаушы күнінде алдымен операция жасалды.  Анықталған бекіністер ұшақ және тікұшақтармен атылды.

Мина алаңы тазаланып,  ұшатын жасақтар қозғалысы жүзеге асырылды.

Соңғы жылдардың ең ауқымды жаттығуына 9 елден 7500 әскер қатысып отыр.

74 елден 250-ге тарта бақылаушы да бақылап отырған Эфес-2016 жаттығуы 4 маусым күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар