Түрік қарулы күштері ПКК және ДАИШ нысаналарын жойды

Түрік қарулы күштері Ирак пен Сириядағы террор ұйымдарының нысаналарын жойды.

500150
Түрік қарулы күштері ПКК және ДАИШ нысаналарын жойды

Түрік қарулы күштері Ирактың солтүстігінде террор ұйымы ПКК, Сирияның Халеб қаласында болса ДАИШ бекіністеріне әуе операциясы жасады.

ДАИШ террор ұйымының Халебтің солтүстігінде анықталған 58 бекінісіне, гаубицалар және көп тұмсықты зымыран қағарлармен жасалған шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда, 28 террористті өлтірді.

Операцияда террористтерге тиесілі бомба орналастырған екі көлік жойылды.

Басқа жағынан Түрік әуе күштеріне тиесілі соғыс ұшақтарының кеше Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағына жасаған әуе операциясында ПКК террор ұйымына тиесілі 5 нысана жойылды.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда тапсырмаларын орындаған соғыс ұшақтары қарасты әскери базаларына оралды.



Ұқсас жаңалықтар