Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі жиналысы болып өтті

Террор ұйымы PYD/YPG-нің Еуропада өкілдік ашуына рұқсат берілуінің одақтастыққа жатпайтынын білдірді.

498523
Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі жиналысы болып өтті

Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі террор ұйымы PYD/YPG-нің Еуропада өкілдік ашуына рұқсат берілуінің одақтастыққа жатпайтынын білдірді.

65-ші үкімет құрылғаннан кейін бірінші Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі жиналысы президент Ердоған басшылығында кеше өтті.

Жиналыста терроризммен күрестегі соңғы сатымен қоса ұттық қауіпсіздікке қатер төндірген «параллель мемлекет» құрылымына қарсы қолданылған шаралар талқыланды.

Жиналыстан кейін мәлімдеме жарияланып, шығыс және оңтүстік шығыстағы қалаларда жалғасып жатқан операциялар арқылы аймақ халқының ең қысқа уақытта тыныш және сенімді атмосфераға қауышуы мақсат етілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде халықтан қолдау ала алмаған және берілуден басқа амалы жоқ террористтер мен олардың саяси жақтаушыларының аймақта өмір сүретін азаматтардың өкілі еместігі айтылды.

Мәлімдемеде Сириядағы азаматтық соғыстың да террор лаңкестіктеріне іргетас болғанына назар аударылды. Сондай-ақ бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы саласы PYD/YPG-нің кейбір Еуропа елдерінде өкілдік ашуына рұқсат берілуіне наразылық білдірілді.

Террор ұйымының Прага,  Стокгольм, Берлин және Парижде өкілдік ашуына рұқсат берілуінің елімізді қанға бояған террористтерге мүмкіндік пен батылдық бергені, осы ұстанымның достық және одақтастық қатынастарына сыймайтыны,  шешімнің қайта қаралуын Түркияның күтетіндігі атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар