Сыртқы істер министрінен қатал сын

Чавушоғлу Сирияда міндет атқарған Америка әскерлеріне PYDден басқа да террор ұйымдарының белгілерін тағуын ұсынды.

498862
Сыртқы істер министрінен қатал сын

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияда міндет атқарған Америка әскерлеріне PYDден басқа да террор ұйымдарының белгілерін тағуын ұсынды.

Чавушоғлу Ракканың террор ұйымы ДАИШ-тен құтқарылуы операциясында басқа бір террор ұйымы PYD –нің белгісін таққан Америка әскерлерін сынады.

Анталияда осы тақырыпта бір мәлімдеме жасаған Чавушоғлу: «Біз бұл террор ұйымдарымен YPG-ні бірдей деп есептемейміз» дегендерге жауабымыз: Бұл қос стандарт және екі жүзділік» деді.

АҚШ президенті Барак Обама мен Мемлекеттік хатшы Джон Керридің YPG-нің,  PYD-нің сенімді еместігін,  террормен күресте Түркияның жанында екендерін айтқанын еске салған Сыртқы істер министрі: «Сосын артынан Анкарадағы екі лаңкестіктің жауапты террор ұйымының белгісін тағады. Өз қауіпсіздіктері үшін екен. Онда оларға кеңес берейін; Сирияның басқа аймақтарына да барғандарына ДАИШ-тің, Әл Нусраның, Әл Кайданың белгісін тақсын.  Африкаға барғанда да Боко Харамның белгісін тақсын» деді.



Ұқсас жаңалықтар