Шеркестер 1864 жылғы сүргінді еске алды

Анкара мен Стамбұлдағы наразылық шерулерінде орыстар протест етілді.

495475
Шеркестер 1864 жылғы сүргінді еске алды

Шеркестер Анкара мен Стамбұлда орыстардың Кавказдан жер аударуының 152-ші жылдығын протест етті.

1864 жылы 2 миллион шеркес отандарынан айдалды. 500 мыңға жуық адам сүргінде қаза тапты.

Анкарадағы шеру Ресей Федерациясы өкілетті және төтенше елшілігі алдында өтті.

Елшілік алдында жиналған қалың жұрт «Кеке емес, әділет сұраймыз», «Қаратеңіз ең көп біз үшін қара» жазылған плакаттар көтерді.

Стамбұлдағы шеруде болса Шеркес қоғамдары федерациясы мүшелері қолдарына фонарь ұстап, Истиклал даңғылында жиналып, Ресей Бас консулдығына қарай шеру ұйымдастырды.

Шеру кезінде тастаған ұрандармен Ресейді протест еткен топ, қаза тапқан жерлестері үшін дұғалар оқып, еске алды.

Баяндамашылар шеркестерге жасалған сүргін мен қырғынды бүкіл әлемнің қабылдауын талап етті.

Шерулерге қатысушылар шеркес тілінде сүргін жылдарында жазылған жоқтауларды оқыды.

Шерудің соңында Ресей Федерациясы Бас консулдығы алдына қара гүл шоғы қойылды.



Ұқсас жаңалықтар