Президент Ердоған үкіметті құру міндетін Бинали Йылдырымға тапсырды

Әділет және даму партиясында 65-ші үкіметті құру кезеңі басталды.

495899
Президент Ердоған үкіметті құру міндетін Бинали Йылдырымға тапсырды

Әдеттегідей алдымен премьер-министр Ахмет Давутоғлу президенттік сарайға барып, президент Режеп Тайып Ердоғанға отставкаға кету хатын ұсынды.

Артынан Әділет және даму партиясының жаңа төрағасы Бинали Йылдырым сарайға барды.

Ердоған жылдамдықпен жаңа кабинеттің құрылу керектігіне назар аударып, Йылдырымға жаңа үкіметті құру міндетін тапсырды.

Бинали Йылдырым алдағы бірнеше сағаттың ішінде жаңа кабинетті құрып, Ердоғанның бекітуіне ұсынады.

65-ші үкіметтің бағдарламасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы Кеңесінде оқылған соң сенім дауысы беріледі.

Әділет және даму партиясының жаңарған Орталық шешім қабылдау және атқару кеңесі де аптаның алғашқы күні жұмысын бастайды.

Партия төрағасы Бинали Йылдырым басшылығында жиналатын жаңа Орталық шешім қабылдау және атқару кеңесі жиналысында атқару кеңесі лауазымдыларының тағайындалуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар