Вице-президент Ялчын Топчу Босния-Герцеговинада

Топчу Түркияның Балкан саясатының мың жылдық тарихы бар екенін атап айтты.

495390
Вице-президент Ялчын Топчу Босния-Герцеговинада

Ялчын Топчу Түркия мен Босния-Герцеговина іскерлері қоғамы ұйымдастырған «Балканда түрік болмысы» тақырыпты жиналысқа қатысу үшін Босния-Герцеговинаның астанасы Сараевоға барды.

Топчуның сапары Босния-Герцеговинаның білікті басшысы Алия Иззетбеговичтің қабіріне зияратымен басталды.

Топчу кейін түрік қайырымды іскерлері салған Сараево Университеті мен ТРТ Сараево өкілеттігін аралады.

Ялчын Топчу Балканға трансляцияға шыққан кейбір баспасөз органдарының Түркиядағы үкімет өзгерісінің Түркияның Балкан саясатын шатаққа апарғаны жайлы қауесеттеріне жауап қайтарды.

Топчу Түркияның Балкан саясатының тұлғалармен байланысты еместігін атап айтты.

Топчу сондай-ақ ТРТ-нің соңғы жылдардағы бастамаларымен бүкіләлемдік бір трансляция мекемесіне айналғанын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар