Президент Ердоған Юсуфели ауданында халыққа үн қатты

"Террормен күрес ерте, не кеш табыспен аяқталады"

495317
Президент Ердоған Юсуфели ауданында халыққа үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған террормен күрестің ерте, не кеш табыспен аяқталатынын білдірді.

Ердоған Артвиннің Юсуфели аудан орталығында халыққа үн қатты.

Қол сұғылмаушылықтар жайлы атазаңы өзгерісі ұсынысының мәжілісте қабылдануына тоқталған Ердоған қол сұғылмаушылықтар тақырыбында ұлттың қалағанының болатынын білдірді.

Ердоған бұл ұлтқа сатқындық жасағандарды түрік ұлтының парламентінде көруді қаламағандарын атап, бұдан кейінгі кезеңнің әділет органдарының жұмысы екенін білдірді.

Террорға қолдау берген депутаттарға тоқталған Ердоған «Көліктерінде қару-жарақ тасымалдаған, табыттардың ішіне оқ-дәрі толтырғандар қазір Түркиядан қаша бастады. Неге қашып жүрсіңдер?» деп сұрады.

Параллелді мемлекеттік құрылымға да тоқталған Ердоған «Параллелді мемлекет деген бір нәрсе пайда болған, бұлар террор ұйымымен қатар жүреді. Біз бір мемлекет түсінігінен ешқашан ауытқымаймыз. Кері қадам баспаймыз. Бұл топыраққа көз қойғандар мұның беделін ауыр төлейді, төлеткіземіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар