Еуропаға визасыз саяхат

Еуропа парламенті тақырыпты ертең талқылайды.

487769
Еуропаға визасыз саяхат

Еуропа парламенті депутаттары Еуропа комиссиясының түрік азаматтарына Шенген елдеріне визасыз саяхатты көздеген шешімін ертең талқылайды.

Түрік азаматтарына визасыз саяхат қамдайтын шешім орын алған үшінші рапорттың Жалпы кеңесте талқылануы шешімі кеше Еуропа парламентінің күн тәртібіне енгізілді.

Еуропа комиссиясының 4 мамыр күні жариялаған рапорты кеше ЕП Азаматтық еркіндіктер,  әділет және ішкі істер комитетінде қолға алынды.

Комитет мүшелері рапорттың ЕП құқығына үйлесіп үйлеспейтінін тексеру мақсатымен ЕП Құқық қызметінің көзқарасын алды. ЕП Құқық қызметіне қарағанда Түркия мен Еуропа Одағы арасында қол қойылған келісім мен ЕО Комиссиясының шешіміне құқықтық жағынан қарсылық жоқ.

ЕП Азаматтық еркіндіктер,  әділет және ішкі істер комитеті мүшелері болса саяси мақсаттарға байланысты анықталған шешім деп атап,  келісім мен рапорттың құқықтық жазасы болып болмағаны жөнінде сұрақтары бар екенін айтып,  сын келтірді.

Өткен апта ЕО Комиссиясының шешімінен кейін бас қосқан ЕП төрағасы Мартин Шульц пен төрағалар конференциясы шешімге «Барлық шарттар толығымен қамдалғанға дейін және ЕО комиссиясы парламентке осы тақырыпта жазбаша кепілдік бергенге дейін жұмыстар жалғасуы керек» деп баға берген болатын.

Брюссельде өткен апта жарияланған,  түрік азаматтарына визасыз саяхат көздеген жол картасы жөніндегі үшінші рапортта Түркияның 72 критерийдің 67-сін орындағаны аталған еді.

Рапортқа қарағанда түрік азаматтары маусым айынан бастап Шенген келісімен мүше елдерге визасыз бара алады.



Ұқсас жаңалықтар