Ердоған сынады

Ердоған Стамбулда «Әділет және мейірім» атты халықаралық қысқа метражды фильм байқауының марапат кешіне қатысты.

486875
Ердоған сынады

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда террор ұйымы ДАИШ-пен күресіп жатырмын дегендердің ешқайсысының осы ұйымға Түркия секілді зиян келтірмегенін айтты. «Осы соғыста Түркия жалғыз қалдырылды» деді.

Ердоған Стамбулда «Әділет және мейірім» атты халықаралық қысқа метражды фильм байқауының марапат кешіне қатысты.

Президент осында сөйлеген сөзінде әлемнің түкпір-түкпірінде жазықсыз адамдар өлтіріліп жатқанда,  басқа жақта миллиардтаған адам ештеңені уайымдамай өз комфорттарын биіктетудің қамында екеніне назар аударды. 

«Залым диктаторлардың, аяусыз террор ұйымдарының қаупінен қашқан бейшара балалар мен әйелдер алдарында шапағатпен ашылған қол емес,  жабылған есік,  қабырғалар салынған шекараларды көруде» деді ол.

Сирияда алты жылдан бері болған оқиғалар алдында адам баласының емтиханнан өте алмағанын білдірген Ердоған: «Түркия көңілі мен шекарасын жазықсыз құрбандарға ашты.  Көрмей, білмей отырғандар болса есіктерін жауып алды. Міне, оларда мейірім жоқ, міне, оларда әділет жоқ. Оларда диктаторлық бар,  оларда зұлымдық бар» деді.

Президент Ердоған: «Сирияда ДАИШ-пен күресудеміз дегендердің ешқайсысы біз секілді құн төлемеді.  Бір жағынан «жанды бомбалармен», бір жағынан Килис қаласына бағытталған шабуылдармен бізді қинаған осы ұйымға қарсы күресімізде бізді жалғыз тастады.  Анкара мен Стамбулда жарылған бомбаларға деген наразылықтар мен Парижде, Брюссельде жасалған лаңкестіктерге деген наразылықтар арасындағы айырмашылық әділетсіздіктің нақты көрініс» деді.

БҰҰ-да да христиандардан тұратын бір кеңес бар екеніне назар аударған Ердоған: «1,7 миллиард мұсылман тұратын осы әлемде БҰҰ-да ешбір мұсылман елдің өкілеттілігі жоқ. Біз мұны айтып келеміз.  Айтып айтып, ерте ме кеш пе бес елден тыс 190 елдің де өкілеттігін қамдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар