Килис қаласында 4 адам жарақат алды

Олардың екеуі полиция қызметкері.

484614
Килис қаласында 4 адам жарақат алды

Террор ұйымы ДАИШ-тың Сириядағы бекіністерінен Түркияның Килис қаласына бүгін таңертең де 3 миномет снаряды атылды.

Жарылыста алғашқы анықтамаларға қарағанда 4 адам жарақат алды.  Олардың екеуі полиция қызметкері.

Жарылыста бір мектеп,  Білім беру министрлігінің қалалық филиалы мен кейбір ғимараттарға зиян келді.

Сирияның Суран және Кафер Хан аймақтарында анықталған бекіністерге жауап қайтарылды. 4 террорист өлтірілді.

Осы арада Бас штаб басқармасы террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күрес жөнінде хабарлама жариялады.

Осыған қарағанда,  Килиске бағытталған атыстар нәтижесінде бүгінге дейін 20 азамат қаза тапты. Олардың 8-і Сириялық азаматтар. 66 адам жараланды.  Олардың да 17-сі Сириялық азаматтар.

Түрік Қарулы күштері осы атыстарға жауап ретінде Сириядағы 1144 бекіністі атқылады.

Осылайша 807 террорист өлтіріліп, 153 террорист жараланды.

ДАИШ нысандарының алдын ала анықталуы және атқылануы мақсатымен Пилотсыз ұшу аппараттары және барлау ұшақтарымен шекара аймағы 24 сағат боуы бақылау астында.

Айырықша Сирия шекарасына орналастырылған жасақтарға қосымша жасақтар жолданды.

Сирия шекарасында биыл 388 ДАИШ террористі мен 82 PKK террористі қолға түсті.



Ұқсас жаңалықтар