Президент Ердоған Газиантеп шәйіттердің жақындарына көңіл айтты

Газиантеп шабуылы жайлы басшылар президентке мағлұмат берді.

482002
Президент Ердоған Газиантеп шәйіттердің жақындарына көңіл айтты

Газиантепте жасалған бомбалы шабуылдың артынан президент Режеп Тайып Ердоған Газиантептегі террор шабуылымен байланысты басшылардан мағлұмат алды.

Президент Ердоған жарылыста шәйіт болған полициялар үшін көңіл айтып, жарақат алған полициялар және жазықсыз адамдарға шипа тіледі.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса Газиантеп пен Нусайбинде қаза тапқан шәйіттерге Алланың рақымшылығын тілеп, террорды қатаң түрде айыптады.

Давутоғлу «Тығыз түрде тергеу жұмыстары жалғасуда. Маңызды кейбір мағлұматтарға қол жеткізілді. Ішкі істер министрлігі мен губернаторлық қажетті мәлімдемені жасайды» деді.

Давутоғлу террордың бұл ұлттың бірлік пен ынтымақтастығына зиян келтіре алмайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар