Чанаккале құрлық соғысын еске алу рәсімдері басталды

Чанаккале құрлық соғысының 101 жылдығы Галлиполидегі халықаралық рәсіммен еске алынуда.

477116
Чанаккале құрлық соғысын еске алу рәсімдері басталды

Чанаккале құрлық соғыстарының 101 жылдығы Галлиполидегі Шәйіттер ескерткішінде халықаралық рәсіммен еске алынуда.

Еске алу рәсіміндері жергілікті уақытпен сағат 10:00-да Мәдениет және Туризм министрі Махир Үналдың Ататүрік ескерткішіне гүл шоғы қоюымен басталды.

Генерал-майор Исмаил Гүрген Галлиполидегі Шәйіттер ескерткішінде өткен рәсімде Түрік қарулы күштері атынан жасаған баяндамасында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуының артынан Германия алдында қиналған орыс патшалығына қолдау беру және Стамбұлды жаулап Османлы мемлекетін соғыстан тыс қалдырғысы келген Ұлыбритания мен Франциядан бастап, Одақ елдері Дарданел бұғазын теңізден күштеп өтуге шешім қабылдағанын еске салды.

Рәсімге Австралия мен Жаңа Зеландиядан да өкілдер қатысуда.

Анзак шабуылының 101 жылдығына орай азанғы 05:30-да Анзак жағалауында басталатын таңғы рәсім үшін көптеген лауазымды Чанаккалеге келді. Рәсімге Австралия мен Жаңа Зеландиядан келген Анзак немерелері де қысуда.

Бірдей уақытта мыңдаған түрік жастарының қатысуымен әдетке айналған 57-ші бригада шеру жүзеге асырылады. Соңғы рәсім болса Джонкбайырындағы Жаңа Зеландия ескерткішінде өтпек.



Ұқсас жаңалықтар