"Балаларсыз әлем мағынасыз"

Түркияға келген ондаған елдің балалары президент Ердоған тарапынан Президенттік сарайда қабылданды.

475094
"Балаларсыз әлем мағынасыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған балаларсыз әлемнің қаншалықты жансыз, қаншалықты мағынасыз болатынын айтып, «Сіз, балалар, есепсіз, жалғансыз сүйіспеншіліктің атысыздар» деді.

TRT ұйымдастырғанне қатысу мақсатымен Түркияға келген ондаған елдің балалары президент Ердоған тарапынан Президенттік сарайда қабылданды.

Президент Ердоған осындағы сөзінде дүние жүзінде балаларға сыйға тартылған жалғыз ұлттық мерекенің 23 сәуір қуанышын түрлі елдерден келген балалармен тойлағандарына ризашылығын білдірді.

«Балаларсыз әлемнің қаншалықты жансыз, қаншалықты мағынасыз болатынын ойлағым да келмейді. Сіз, балалар, есепсіз, жалғансыз сүйіспеншіліктің атысыздар» деді ол.

23 сәуір күнінің түрік тарихы тұрғысынан маңызын атап көрсеткен Ердоған 1920 жылғы 23 сәуір күні Анкарада жиналған Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінің Азаттық соғысты жеңіспен аяқтағанын баяндады.

Осылайша маңызды бір күннің мереке ретінде әлем балаларына сыйға тартылғанын айтқан президент Ердоған Республиканың биыл 93 жасына келгенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар