Әрбір босқынға 85 евро төленеді

Премьер-министрліктің жанындағы Апат және төтенше жағдай басқармасы «Босқын іс-қимыл жоспарын» дайындады.

474620
Әрбір босқынға 85 евро төленеді

Премьер-министрліктің жанындағы Апат және төтенше жағдай басқармасы «Босқын іс-қимыл жоспарын» дайындады.

«Түркиядағы босқындарға көмек» және «Түркиядан кететін босқындар» атты екі сатылы жоспар арқылы заңсыз адам саудасының алды алынады.

Іс-қимыл жоспары Еуропа Одағының босқындар үшін 3 миллиард евролық ақшалай көмегі келгеннен кейін іске асырылады.

ЕО қаражаты босқындарға білім, медициналық қызмет және гуманитарлық көмекте қолданылады.

Түркия қазір әрбір босқынға азық-түлік карты арқылы 100 түрік лирасы беріп отыр. Азық-түлік карты арқылы төленетін мөлшер босқын басына 85 евроға көтеріледі. Осы аяда азық-түлік көмегі адам басына 170 түрік лирасы болады.

Осы ақшаның 100 лирасын Түркия, 170 лирасын ЕО төлейді.

Германия Федералдық техникалық көмек агенттігі делегациясының Түркиядағы байланыстарынан кейін дайындалып, Германияға жолданған жоспарды Германия канцлері Ангела Меркель, Еуропа кеңесі төрағасы Дональд Туск және Еуропа комиссиясы төрағасының орынбасары Франс Тиммерман бірге талқылайды.

Жоспардың соңғы күйін премьер-министр Ахмет Давутоғлу мен Меркель пішіндейді.



Ұқсас жаңалықтар