Вашингтонда 10 мың адам Түркияға қолдау үшін шеруге шығады

Вашингтонда 10 мың адам қатысатын «бейбітшілік және ынтымақтастық» шеруі ұйымдастырылады.

465183
Вашингтонда 10 мың адам Түркияға қолдау үшін шеруге шығады

АҚШ-та өмір сүрген түрік және мұсылман қоғамының мүшелері армяндардың 1915 жылғы оқиғалармен байланысты Түркияға бағытталған қаралау акциясына қарсы биыл одан да күшейіп, 24 сәуір күні Вашингтонда 10 мың адам қатысатын «бейбітшілік және ынтымақтастық» шеру ұйымдастырады.

Түрік-Американ Ұлттық бағыт беру комитетінің (Turkish American National Steering Comitte – TASC), өткен жылы түрік байрақтарымен Ақ үй алдында бастаған және Түркияның Вашингтон өкілетті және төтенше елшілігі алдында аяқталған шеруі биыл мереке іс-шаралары сияқты өтеді.

АҚШ-тағы мұсылман қоғамы мен ұйымдарының басын қосқан комитеттің құрушы төрағаларының бірі Ибрахим Уяр алдынғы жылы болғандай, биыл да Вашингтон, Нью-Йорк, Техас сияқты штаттардың маңызды жерлерінде «Түркияға қолдау береміз» деген мазмұнмен жарнамалар жарияланатынын атап айтты.

Уяр Түркияның аймағындағы гуманитарлық жәрдемдері және террормен күресіне назар аударғысы келгендерін білдірді.

АҚШ президенті Барак Обамаға және АҚШ-тық достарға бейбітшілік пен ынтымақтастық жолдамаларын биыл да еске түсіргісі келгенін ескерткен Уяр «Тарихымызға, мемлекетімізге, байрағымызға әрқашан болғандай ие шыққымыз келеді. 1915 жылғы оқиғаларды саясат құралы ретінде қолдануларын қаламаймыз. Мемлекет басшыларымыз айтқандай мұны тарихшыларға қалдырыңдар дегіміз келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар