Ибрахим Калын Вашингтоннан мәлімдеме жасады

Калын АҚШ-тың Сирияның солтүстігінде күрд мемлекеті құру жайлы көзқарасы жоқ екенін мәлімдеді.

462341
Ибрахим Калын Вашингтоннан мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Вашингтон әкімшілігінің Сирияның солтүстігінде күрд мемлекеті құру сияқты бір ойы жоқ екенін атап, «Сирияның шекара тұтастығы тақырыбында ұстанымдары нақты» деді.

Калын Ядролық қауіпсіздік келісімі саммиті себепті АҚШ-қа барған Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ президентінің орынбасары Джо Байденді қабылдауы жайлы мағлұмат берді.

Мәліметке қарағанда қарағанда Байден 1,5 сағатқа жалғасқан кездесу барысында ПКК террор ұйымымен күрес тақырыбында Түркиямен ынтымақтастығын арттыратындарын атап көрсетті.

Джо Байден Түркияның сондай-ақ ДАИШ-пен де күресіп жатқан бір ел екенін байқап отырғандарын білдірді.

«Біз үшін ПКК, ПЙД, ЙПГ арасында ешқандай айырмашылық жоқ. ДАИШ арасында айырмашылық жоқ» деген Ибрахим Калын «Біздің олардың қозғалуына еркіндік беруіміз мүмкін емес. Олар да мұны түсінгендерін және сол себепті әсіресе Мүмбич аймағында жасалатын операциямен байланысты біздің нәзіктігіміз және ортақ нысаналарымызды негізге алған бір жоспар дайындайтындарын білдірді. Келесі апта осымен байланысты органдар жиналыстар өткізіп егжей-тегжейлі жұмыстанады» деді.



Ұқсас жаңалықтар