Премьер-министр Иордания сапарынан оралды

Ахмет Давутоғлу сапар аясында король Абдуллах және Иордания премьер-министрі Абдуллах Энсармен бас қосты.

459526
Премьер-министр Иордания сапарынан оралды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу кеше 1 күндік жұмыс сапарымен барған Иорданияда байланыстар жасады.

Келіссөздерде Палестинадағы жаңалықтар мен терроризм тақырыптарында ынтымақтастық шаралары алға шықты.

Премьер-министр Давутоғлу палестиналықтардың құқықтарын қорғау үшін қолдан келгенді жасауға дайын екенін атап айтты.

Аймақтағы жаңалықтарды да бағалаған премьер-министр террор шабуылдарына назар аударды.

Түркия мен Иорданияның ДАИШ террор ұйымына қарсы Сирия мен Иракта ортақ ұстаным ортаға қойғандарын атап көрсеткен Давутоғлу екі елдің Ирак пен Сирияның шекара тұтастығын қорғау және аймақта тұрақтылықтың қамтамасыз етілуін қалағандарын білдірді.

Сапарда Иорданиямен ынтымақтастық үшін де маңызды қадамдар басылды.

Экономикалық саладан бастап 10 келісімге қол қойылды.

2009 жылы қол қойылған Еркін сауда келісімінің артынан екі ел сауда көлемінің екі есе өсіп, 1 миллиард долларға ұласқанын атап айтқан Давутоғлу Түркияның Иорданиямен сауда көлемінің одан да жетілетіні толық сенгенін білдірді.

Иорданиялық әріптесі Энсармен іскер форумына да қатысқан Давутоғлу екі ел іскерлеріне үн қатып, сауда көлемін 5 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алғандарын атап айтты.

Давутоғлу кейін ТИКА-ның Оман өкілеттілігінің ашылу рәсіміне қатысып, артынан БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. Кездесуде Бүкіл әлемдік гуманитарлық саммиттің дайындықтарын қолға алды.

БҰҰ Бас хатшысы премьер-министрге Түркияда жасалған террор шабуылында қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Давутоғлу 13 наурыз күні жоспарланған Иордания сапарын 38 адам қаза тапқан Анкара шабуылы себепті кейінге қалдырған болатын.


Ұқсас жаңалықтар