Ахмет Давутоғлу Иорданиядағы ресми байланыстарын бастады

Иордания премьер-министрі Абдуллах Эн-Нусур Ахмет Давутоғлун рәсіммен қарсы алды.

459220
Ахмет Давутоғлу Иорданиядағы ресми байланыстарын бастады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлуның алғашқы аялдамасы Иорданиядағы премьер-министрлік ғимараты болды.

Давутоғлу Иордания байланыстары аясында Иордания премьер-министрі Абдуллах Эн-Нусурмен оңаша түрде және делегация аралық бас қосты.

Кездесуде әсіресе екі ел арасындағы сауда көлемін арттыруға бағытталған жобалар қолға алынды.

Иорданиямен ынтымақтастық ауқымды түрде қолға алынған кездесуде премьер-министр Ахмет Давутоғлу 2009 жылы екі ел арасында қол қойылған Еркін сауда келісімінің маңызына тоқталды.

Давутоғлу екі ел арасында сауда көлемінің аталмыш келісіммен екі есе артқанын және қазір 1 миллиард долларға ұласқанын білдірді.

Түрік инвесторларының Иорданияға одан көп инвестиция салғысы келгенін атап айтқан Давутоғлу негізгі мәселенің қатынас екеніне тоқталды.

Давутоғлу бұл аяда аймақта болып жатқан әсіресе Сирияға ұқсас жағдайлар себепті құрлық қатынасынан гөрі теңіз қатынасын пайдаланғылары келгенін білдірді.

Давутоғлу Иорданиялық әріптесі Абдуллах Эн-Нусурмен баспасөз жиналысы өткізді.

Аймақтағы жаңалықтарға тоқталған Давутоғлу Ирак пен Сирияның шекара тұтастығын қорғау үшін Иорданиямен ынтымақтастық жасағандарын атап көрсетті.

Давутоғлу «Түркия мен Иорданияның аймақтық жағдайлары өте ұқсас, біз аймақтағы аса маңызды екі елміз. Ирак пен Сириядағы босқындар Түркия мен Иордания паналауда. Гуманитарлық дағдарысқа болымды шаралар іздестірудеміз. ДАИШ, ПЙД, ЙПГ сияқты террор ұйымдары аймаққа тұрақсыздық әкелуде. Аймақта тұрақтылықтың орнауын тілейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар