Стамбұл шабуылымен байланысты 1 адам тұтқындалды

Стамбұлда жасалған террор шабуылымен байланысты тергеуге алынған 5 күдіктіден біреуі тұтқындалды.

457257
Стамбұл шабуылымен байланысты 1 адам тұтқындалды

Стамбұл Бейоғлунда сенбі күні жасалған террор шабуылымен байланысты тергеуге алынған 5 күдіктіден біреуі тұтқындалды.

Жанкешті шабуылшы Мехмет Өзтүріктің әкесі және аты берілмеген бір адам болса прокуратураның шешімімен еркін жіберілді.

Сотқа жіберілген 3 күдікті арасынан Эркан Чапкын тұтқындалса, Мехмет Өзтүріктің 2 бауыры медициналық сараптамадан өту шартымен еркін жіберілді.

Шабуылмен байланысты көп тұсты тергеу жалғасып жатқанда, алдағы кезеңде жаңа тергеулер болатыны білдірілді.

Шабуылда 3 израильдік, 1 ирандық барлығы 4 шетел азаматы қаза тауып, араларында шетелдіктер де бар 36 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар