Стамбұл шабуылын бүкіл әлем айыптауда

Истиклал даңғылындағы терактіге бүкіл әлем наразылық көрсетуде.

454369
Стамбұл шабуылын бүкіл әлем айыптауда

Ақ үй әкімшілігі Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі мәлімдемешісі Нед Прайс АҚШ-тың Бейоғлу ауданындағы лаңкестікті қатаң түрде айыптағанын атап «НАТО одақтасымыз және ортағымыз Түркияға қолдауымыз үздіксіз жалғасады. Түркиядан қайталанған бұл террор шабуылдары жойылу керек. Тергеу барысында Түркиямен тығыз жұмыстанудамыз. Бұл қанды террорға қарсы бірге жұмыстанудағы бағыныштылықты қайталаймыз» деді.

Стамбұл АҚШ консулдығының твиттер парақшасынан болса «Истиклалдегі жарылысқа қайғырамыз. Қаза тапқандардың жанұяларына сабыр, жаралыларға жедел шипа тілейміз» делінді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху болса қазіргі таңда терроризмнің халықаралық деңгейге көтерілгенін атап, қазір Таяу Шығыс елдеріне тіпті, Таяу Шығыстың арғы жағындағы мемлекеттерге қауіп төндіргенін және бұған халықаралық деңгейде күрес жүргізу керектігін атап айтты.

Нетаньяху жаралылар мен қаза тапқандардың Израильге апарылуы үшін 2 жедел құтқару ұшағы жіберілгенін білдірді.

Түркия мен байланыста екендерін атап көрсеткен Нетаньяху шабуылдың Израильге бағытталып бағытталмағанын зерттегендерін атап көрсетті.

Еурокомиссиясының даму және көршілік саясатына жауапты мүшесі Йоханнес Хах твиттер арқылы Стамбұлдағы террор шабуылын қатаң түрде айыптап, құрбандардың жанұяларына көңіл айтты.

Еурокомиссияның көш пен ішкі істерге жауапты мүшесі Димитрис Аврвмопулос болса шабуылды қатаң түрде айыптап, террормен ортақ күрестің жалғасатынын атап көрсетті.

Еуропа парламенті төрағасы Мартин Шультц болса «Стамбұлдағы террор шабуылында қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтамын және жаралыларға жедел шипа тілеймін» деді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг шабуылды қатаң түрде айыптап, «Терроризм ешқашан заңды көрсетіле алмайды. Барлық НАТО одақтастары Түркияның қасында және террордың әр түрімен күресте бірге қозғалады» деді.

Франция Сыртқы істер министрі Джан-Марк Айраулт «Бұл жауыз шабуылды қатаң түрде айыптаймын. Франция террормен күресте түрік халқы және Түркиямен ынтымақтастығын жалғастырады» деді.

Ұлыбритания Стамбұл консулы Ли Тернер әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде «Бүгін Истиклалде болған жарылыс себепті қайғырамын. Көңіліміз зардап шеккендер және құрбандармен бірге» деді.

Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили де мәлімдемесінде «Соңғы кездері Түркияны шайқаған террор шабуылдары алаңдатуда» деп түрік халқының бұл қиын кезеңдерден құтылатынына сенгенін білдірді.

Квирикашвили түрік үкіметінің халықаралық ортақтарымен террорды жоятынына сенгенін білдірді.

Косово президенті Хашим Тачи және Албания Сыртқы істер министрі Дитмир Бушати твиттер мәлімдемесінде қайғыны бөліскендерін және түрік халқымен ынтымақтастықты жалғастырғандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар