Опасыз шабуылда жарақат алған 3 израильдік турист еліне жіберілді

Опасыз террор шабуылы Стамбұлда 4 туристтің қаза табуына себеп болды.

454538
Опасыз шабуылда жарақат алған 3 израильдік турист еліне жіберілді

Опасыз террор шабуылы Стамбұлда 4 туристтің қаза табуына себеп болды.

Азанғы уақытта жасалған террор шабуылында 3 израильдік, 1 ирандық барлығы 4 адамның қаза табуына жол ашты.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Израиль мен Иранға жедел хат жолдап көңіл айтты.

Қаланың адам саны көп туристік жері Таксимнің Истиклал даңғылындағы шабуылда жарақат алған 39 адамның 9-ы емделіп ауруханадан шықты.

Емделіп жатқан 24 жаралының да шетел азаматы екені білдірілді. Жаралылардың 7-сі ауыр күйде.

Жаралылар арасындағы 3 Израиль азаматы алғашқы емдерінің артынан арнайы бір ұшақпен еліне жіберілді.

Шабуылдаушының кім екені және террор ұйымдарымен байланысы зерттелуде.

Басқа жағынан Израиль Сыртқы істер министрлігі ақпарат көздері ресми бір сапар аясында АҚШ-қа барған Сыртқы істер министрлігі бас хатшысы Доре Голдтың Түркияға келетінін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар