Туғба Хезерді депутаттық қол сұғылмаушылығынан айыру үшін ұсыныс жасалды

ХДП Ван депутаты Туғба Хезер жайлы дайындалған депутаттық қол сұғылмаушылығынан айыру ұсынысы ТҰҰМ-не жіберілді.

452389
Туғба Хезерді депутаттық қол сұғылмаушылығынан айыру үшін ұсыныс жасалды

Халықтардың демократия партиясы (ХДП) Ван депутаты Туғба Хезер туралы дайындалған депутаттық қол сұғылмаушылығынан айыру жөніндегі ұсыныс премьер-министрлік тарапынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне (ТҰҰМ) жіберілді.

Хезер Анкарада 17 ақпан күні 29 адам қаза тапқан шабуылды жасаған ПКК-лық террорист Абдулбаки Сөмердің Вандағы үйіне көңіл айтуға барған болатын.

Оқиғаның артынан Ван мемлекеттік прокуратурасы «террор ұйымы пропагандасы жасау» және «қылмыс пен қылмыскерді мақтау» айыбымен, Туғба Хезер жайлы тергеу бастаған болатын.

Ұсынысты дайындаған бас прокуратура күдіктінің аталмыш қылмысы себепті сот процесі туындағанын алға тартып, атазаңның 83 бабына сай «депутаттық қол сұғылмаушылығынан айыру» шешімін талап еткен болатын.

Әділет министрлігі тарапынан премьер-министрлікке жіберілген ұсыныс ТҰҰМ-не ұсынылды.



Ұқсас жаңалықтар