Опасыз шабуылды жасаған террористің куәлігі жарияланды

Әйел террористті Сириядағы ЙПГ террор ұйымының лагерінде жаттықтырған.

451740
Опасыз шабуылды жасаған террористің куәлігі жарияланды

Анкарада 13 наурыз күні 37 жазықсыз адамның қаза табуына себеп болған шабуылдаушыны ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы ПЙД-нің лагерлерінде жаттықтырғаны ортаға шықты.

Ішкі істер министрлігі опасыз шабуылды жасаған әйел террористтің 1992 жылы Карстың Кағызман ауданында дүниеге келген Сехер Чағла Демир екенін жариялады.

Аталмыш террорист 2013 жылынан бері бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның құрамында болған.

Кейін болса Сирияға өткен әйел террористті ЙПГ террор ұйымы лагерлерінде жаттықтырып қанды шабуылға дайындаған.

Түркияның ПКК және ПЙД арасында ешқандай айырмашылық жоқ екені жөніндегі көзқарасы осымен қайтадан дәлелденді.

Ел көлемінде үлкен соққыға ұшыраған террор ұйымы шетелде жаттықтырған қанішерлерін үлкен қалаларда шабуыл жасауға итермелейді.

Кейбіреулер үшін Сириядағы лаңкестік топтардың қатарына жатпайтын ПЙД-ге қару-жарақ қолдауы да жасалды. ПЙД террор ұйымы болса тағы бір қанішерді дайындап елге жіберді.

Түркияның түкпір-түкпірінен жексенбі күнінен бері «террорға қарсы ынтымақтастық» шақыруы тасталуда.



Ұқсас жаңалықтар