Түркияның тойтарысы

Түркия күрд азаматтарды да қосқанда барлық азаматтарын қорғау үшін PKK-мен күресін жалғастырады. Түркия ДАИШ-ке қарсы құрылған коалицияның белсенді мүшесі болуын да жалғастырады.

451251
Түркияның тойтарысы

Түркия күрд азаматтарды да қосқанда барлық азаматтарын қорғау үшін PKK-мен күресін жалғастырады. Түркия ДАИШ-ке қарсы құрылған коалицияның белсенді мүшесі болуын да жалғастырады.

13 наурыз күні Анкарада болған теракт соңғы айлардағы бірсыпыра шабуылдың соңғысы болды. Түркия бір жағынан ДАИШ-ке, бір жағынан PKK-ға қарсы күресті тереңдете түскен сайын, халықаралық терроризмнің нысанасына айналды. Осындай шабуылдар жаратқан хаос пен террорге қарамастан Түркия террор саясаттарына берілмейді. Түркияның тойтарысы мен табандылығы осы қауіпті тежеу және жою үшін өміршең маңызда.

Жақын уақытта ДАИШ және PKK тарапынан ұйымдастырылған осындай шабуылдар бес жылдан бері болып жатқан Сирия соғысының нәтижелері. ДАИШ Түркия мен Сирия шекарасы бойында коалиция күштері тарапынан қыспаққа алынған сайын, Түркияға қысым жасау үшін түрік ауылдары мен қалаларына шабуылдауда. Қазір ДАИШ Түркияны ашық түрде өзіне жау және жаңа нысана ретінде жариялады. Тіпті ұйымның интернет органдары Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанды Исламның жауы деп атайды.

PKK да осындай тактика жүргізіп отыр. Диярбакыр, Хаккари, Шырнак және Мардин сынды оңтүстік шығыс аймағындағы қалаларда қыспаққа алынған сайын шабуылдарын Анкара және басқа да үлкен қалаларға шоғырландырды. Осы шабуылдар халық арасында уайым мен наразылыққа себеп болсын, осылайша үкімет террор ұйымына қарсы жүргізіліп отырған антитеррор операциясын аяқтасын деп есептеп отыр. Түркия не ДАИШ-тен, не болмаса PKK-дан келген қорқытуларға бас имейді.

Батыс әлемі ДАИШ пен PKK-ның Сириядағы жалғасы PYDнің қарулы саласы YPGні бір-бірлеріне қарсы соғысуда секілді көрсетсе де, негізінде барлығы Түркияға қарсы бірігіп қозғалуда. Екі террор ұйымы да Түркияға тізе бүктіру үшін ұқсас әдістер мен тактикалар қолдануда. Екеуі де көптеген адам өлтірудің өз талаптарын қабылдаттыру үшін саяси атмосфера және қоғамдық пікірді өзгертетініне сенеді.

Біз қаза тапқандар үшін аза тұтып, жаралылар мен отбасыларына қарай отырып, осылардың барлығын жалғасып жатқан Сирия соғысы мен PKKның өз мүдделері үшін қолдануда екенін көрсететін үлкен суреттің ішінде көруіміз керек. Анкара бір мезгілден бері бүкіл әлемге тек өзі үшін емес, бүкіл Таяу Шығыс және Еуропа үшін де Сирия соғысының таралу әсерлері жөнінде ескерту жасап келеді. Халықаралық қоғамның Сирия халқын қорғауда және елдерінде аққан қанды тоқтатуда табыссыз болғаны назарға алынғанда ДАИШ террорының жақын уақытта Бельгия, Франция және Туниске таралуы әбден мүмкін.

Біріншіден Сириядан туындаған босқын дағдарысы Еуропада үлкен проблемаға айналды. Босқын ағынын қалай және қашан тоқтайтыны Түркия, Грекия, Брюссель және Еуропаның басқа елдері үшін жауап беру қиын сұрақ ретінде алдында тұр. Премьер-министр Ахмет Давутоғлуның Еуропалық басшылармен жүргізген кездесулері Сириядан Еуропаның барлық аймақтарына бағытталған босқын ағынын басқару үшін үлкен мүмкіндік. Алайда проблеманың негізі Түркия немесе грек аралдарында емес, Сирияда жатыр.

Анкараның PKK-ға байланысты уайымдары тағы бір рет расталды. Көптеген батыстық сарапшы террор ұйымының өз мүддесі үшін Сирия соғысын қалай қолданғанын көрмей отыр. Мұны ДАИШ-пен күресіп жатырмын деген сылтаумен істеп отыр. Бірақ шындық мынада: PKK Түркиядағы шешім үдерісін қасақана түрді бітірді және Сириядағы қырғыннан бір пайда табуға кірісті. PKK басшыларының өткен жыл бойы айтқандары секілді Сирия соғысы жалғасқан сайын PKK қару тастамайды. Неге? Себебі Сириядағы соғысты түрік мемлекетіне қарсы қарулы күрестері үшін құтқарушы сылтау ретінде қолдануда. PKK мен оның Сириядағы саласы ДАИШ-пен күрес сылтауымен террор әрекеттерін жалғастыру үшін батылдық табуда. Түркиядағы террористтердің Сирияда PYD бақылауындағы аймақтардан қару-жарақ алып отырғанын ешкім жасыра алмайды.

Ең қызығы кейбірі Түркияның Сирия соғысы және ДАИШ-пен күрес аясында PKK проблемасын күн тәртібіне келтіруін сынайды. Тіпті Түркияны назарды ДАИШ проблемасынан PKKға аударып отыр деп айыптайды. 17 ақпан және 13 наурыз терактілері мен басқа да шабуылдар Түркияда PKK қаупінің көлімен көрсетеді. Түркияның қауіпсіздігіне үлкен қатер төндірген PKK проблемасы туралы айту ДАИШ-пен күрес тақырыбында назарды басқа жаққа аудару деген мағынаға келмейді. Керісінше Түркия PKK мен ДАИШтың қос қаупін атап көрсетуде орынды. Себебі екеуі де өз мүдделері үшін Түркияны нысанаға алып отыр. Кейбіреулердің осы қарапайым шындықты көрмей отырғаны – адам ұялтарлық.

1980 жылдары және 1990 жылдары әлем көлемінде Әл Кайда сынды террор қаупі бар кезде, Ұлыбритания үкіметінің Ирландия Республика Армиясы (IRA) терроризміне шоғырланғанына ешкім қарсы шықпаған еді. Осы жағдай әлем басқа бір террор қауіптеріне қарсы шыққан кезде, Испанияның Бакс Отаны және еркіндік (ETA) террорына шоғырланғанда да қайталанды. PKK мен ДАИШ тақырыбында Түркияның тұғыры осы мысалдардан бөлек емес. PKK-ның батыстық нысандарға емес, тек Түркияға шабуылдауы оны маңызы төмен бір қауіпсіздік тақырыбы немесе елемей отыра беретін бір террор ұйымы қылмайды.

Түркия күрд азаматтарын да қосқанда, барлық азаматтарын қорғау үшін PKK-мен күресін жалғастырады. Түркия ДАИШ-ке қарсы құрылған коалицияның белсенді мүшесі болуын да жалғастырады. Бірақ ДАИШке шоғырлану PKK террорына қарсы көзді жұму үшін сылтау болмайды. Анкара одақтастарын террордың барлық түріне қарсы бірігіп тойтарыс беруге шақырады. Бұл да өте орынды қимыл.



Ұқсас жаңалықтар