Мемлекет басшылары шабуылды қатаң түрде айыптады

Анкарадағы шабуылдың артынан басшылар мен саясат қайраткерлері мәлімдемелер жасады.

450106
Мемлекет басшылары шабуылды қатаң түрде айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған Анкарадағы терактіні «ақылақсыз және ұждансыз» деп бағалап, террор ұйымының қауіпсіздік күштері алдында әлсіреген сайын жазықсыз адамдарды нысанаға алғаны білдірді.

Ердоған шабуылдың артынан жасаған жазбаша мәлімдемеде террормен күресті табандылықпен жалғастырамыз.

Террормен күрестің міндетті түрде табысты аяқталатынын және террорға тізе бүктіретіндерін атап айтқан президент

«Түркия аймақтағы тұрақсыздық нәтижесінде соңғы жылдары террор шабуылдарының нысанасына айналды. Террор ұйымдары және оларды пайдаланғандар, қауіпсіздік күштерімен күресте жеңілген сайын ең ақылақсыз және ұждансыз жолдармен жазықсыз азаматтарымызды нысанаға алды. Еліміздің бірлік пен ынтымақтастығын нысанаға алған бұл шабуылдар бізді жолымыздан ауытқи алмайды» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Исмаил Кахраман да жазбаша мәлімдемесінде «Қайғымыз және ашуымыз үлкен, алайда бұрын көптеген қайғыны бастан кешкен мемлекетіміз және ұлтымыз осындай опасыз шабуылдар алдында сабырлы және тәжірибелі» деді.

Премьер-министр Давутоғлу Анкарадағы террор шабуылының артынан жасаған мәлімдемеде террормен күрестің тұрақтылықпен жалғасатынын атап айтты.

Аялдамада автобус күткен жазықсыз адамдарды нысанаға алған террористтерді «адамгершілік пен ұжданнан мақұрым қанішерлер» деп бағалаған премьер-министр бұл шабуылдың Түркияның тыныштығына, бірлік пен демократиясына жасалғанын атап көрсетті.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу бүгін жүзеге асатын Иордания сапарын кейінге қалдырғанын да атап көрсетті.

Вице-премьер Нуман Куртулмуш болса әлеуметтік медиа арқылы шабуылды айыптады.

Куртулмуш «Шабуыл не болашаққа деген үмітімізді, не бауырластығымызды не болмаса демократияға деген сенімімізді әлсірете алмайды» деді.

Экономика министрі Мұстафа Элиташ та Анкарадағы жарылыстың ұлтымыздың және мемлекетіміздің бірлік пен ынтымақтастығын нысанаға алғанын атап көрсетті.

Анкарадағы опасыз шабуылға оппозиция партиясының басшылары да наразылық көрсетті.

Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу шабуылмен байланысты «лағынеттеуге тиісті бір террор шабуылы» деді.

Ұлтшыл Қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчели болса «ешбір террор шабуылының Түркияға тізе бүктіре алмайтынын» атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар