Вице-премьер Ялчын Акдоған сириялықтар санының артқанын мәлімдеді

Акдоған Түркияны паналаған сириялықтар санының 2 миллион 733 мың 784 екенін жариялады.

448604
Вице-премьер Ялчын Акдоған сириялықтар санының артқанын мәлімдеді

Вице-премьер Ялчын Акдоған Түркияда қонақ етілген сириялықтар санының 2 миллион 733 мың 784 екенін жариялады.

Акдоған 26 уақытша баспана орталығында қонған сириялықтар санының да 282 мың 815-ке ұласқанын білдірді.

Твиттерден мәлімдеме жасаған Акдоған Түркияның ақылақтық және ұждандық бір ұстаным ортаға қойғанын, адамгершіліктің жойылмағанын бүкіл әлемге көрсетіп, тарихқа қол таңба қалдырғанын атап айтты.

Акдоған Сирияда саяси күш күресі жүргізген елдердің гуманитарлық дағдарыс тақырыбында не жасағаны немесе жасамағандарының тарих беттерінде қалатынын атап көрсетті.

Вице-премьер Акдоған мектептерді, ауруханаларды, нәрестелерді және жазықсыз адамдарды бомбалағандардан гуманитарлық дағдарыстың ортағы болуды күтудің бекер екенін айтып, «Әр ел өзіне жарасқанды істейді. Біз тіршілікті жалғастырудың, жараларды емдеудің және құшақтауды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар