Украина президенті Петр Порошенко жұмыс сапарымен Анкараға келді

Украина президенті «5-ші Түркия-Украина Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңес жиналысына» қатысады.

447439
Украина президенті Петр Порошенко жұмыс сапарымен Анкараға келді

Қонақ президент Эсенбоға әуежайында Қырым қоры және Түркия Украина достық қоғамы мүшелері тарапынан қарсы алынды.

Порошенко осында жасаған мәлімдемесінде Президент Режеп Тайып Ердоған және премьер-министр Ахмет Давутоғлумен жоспарланған кездесулерде ең маңызды тақырыптың Қырым мәселесі болатынын атап көрсетті.

Порошенко келіссөздерде Қырымды қайтадан Украинаның егемендігіне алу тақырыбында Түркиямен бірдей талпыныс ортаға қою тақырыбында да көзқарас алмасылатынын айтты.

Тиісті министрлердің қатысуымен жүзеге асатын 5-ші Түркия-Украина Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңес жиналысында сондай-ақ күнделікті, екі жақты және аймақтық мәселелерді де қолға алады.

Жиналыста Украинамен стратегиялық ортақтықты тереңдететін ынтымақтастық мүмкіншіліктері бағаландырылып кейбір келісімдерге қол қойылады.

Украина президенті Петр Порошенко сапары аясында іскерлермен де бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар