Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Брюссельде

Давутоғлу Германия канцлері Ангела Меркель және Голландия премьер-министрі Марк Рутпен бас қосты.

445786
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Брюссельде

Түркия-Еуроодақ саммитіне қатысу үшін кеше кешкі уақытта Брюссельге барған премьер-министр Ахмет Давутоғлу Германия канцлері Ангела Меркель және Еуроодақ кезекті төрағасы Голландия премьер-министрі Марк Рюттемен бас қосты.

Түркияның Еуроодақ алдында тұрақты өкілеттігі тақырыбын Давутоғлу әріптестері Меркель және Рюттемен оңаша қолға алды.

Үш басшы кейін делегация аралық келіссөздерге басшылық жасады.

Түркияның Еуроодақ алдында тұрақты өкілеттігі тұңғыш рет Еуроодақ кезекті төрағасы мен премьер-министрлерге қонақжайлық жасады.

Баспасөзге жабық өткен келіссөздер шамамен 5 сағат 45 минутқа жалғасты.

Премьер-министрлік ақпарат көздері бүгін өтетін Түркия-Еуроодақ саммиті алдында реттеусіз босқын көшінен бастап Сириядағы жаңалықтар, Түркияның Еуроодаққа толық мүшелік келіссөздері және аймақтық тақырыптарды егжей-тегжейлі қолға алады.



Ұқсас жаңалықтар