Ердоғанның Кот-д'Ивуардағы ресми байланыстары басталды

Ердоған президенттік сарайда Кот-д'Ивуар президенті Алассан Уаттара тарапынан рәсіммен қарсы алынды.

441606
Ердоғанның Кот-д'Ивуардағы ресми байланыстары басталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Батыс Африка турының алғашқы аялдамасы Кот-д'Ивуарда байланыстарын жалғастыруда.

Ердоған президенттік сарайда Кот-д'Ивуар президенті Алассан Уаттара тарапынан ресми түрде қарсы алынды.

Екі басшы президенттік сарайда оңаша кездесудің артынан баспасөзге мәлімдеме жасайды.

Сапар аясында көптеген келісімге қол қойылады.

Президент Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған кеше Кот-д'Ивуар президенті Алассан Уаттара және жұбайы Доминик Уаттараның қонақасыға қатысқан болатын.

Ердоған қонақасыда Кот-д'Ивуар тұрғын санының 20-30 пайызының босқын екеніне назар аударды.

Кот-д'Ивуардың ең үлкен қаласы және бұрынғы астанасы Абиджанның әсіресе көшпенді тұрғындарды өзі үшін салмақ немесе мәселе ретінде емес, экономикалық және әлеуметтік тіршіліктің бір үзігі және Кот-д'Ивуардың түсінігінің бір көрінісі екенін атап айтқан Ердоған «Мен мұны Кот-д'Ивуар моделі» деп атағым келеді. Бұл модельдің барлық құрлық пен әлем мемлекеттері үшін үлгі болуын қалаймын. Біз де Сирия мен Ирактағы қақтығыстардан қашқан 3 миллион бауырымызға ешқандай бөлшектеушілік жасамай, дініне, тіліне және нәсіліне қарамай қонақжайлық жасап отырмыз» деді.

Ердоған екі ел арасындағы сауда көлеміне де тоқталды.

Екі ел арасындағы сауданың 400 миллион долларға жақындағанын атап айтқан Ердоған «Стамбұл мен Абиджан арасында ынтымақтастық күші бар екеніне сенемін. Иншалла ортақ нысанамыз 2020 жылы бұл сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізу» деді.


Ұқсас жаңалықтар