Давутоғлұ мен Меркель телефонда сөйлесті

Екі лидер заңсыз келімсектермен күресу тақырыбын қолға алды

441230
Давутоғлұ мен Меркель телефонда сөйлесті

Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ мен Германия премьер-министр Ангела Меркель заңсыз келімсектермен күресу және Сириядағы жағдайды қолға алу үшін телефонда сөйлесті.

Премьер-министрлік қайнар көздерден алынған мағлұматына қарағанда кездесу Германия премьер-министрі Меркельдің талабы бойынша өткізілді.

Кездесуде премьер-министр Давутоғлұ Сирияда қақтығыстардың тоқтатылуы жөнінде жасалған келісімнің атқарылуының ең алдымен Сириялық жай халықтың қауіпсіздігі тұрғысынан маңызды екенін түсіндіріп, ДАИШ және PYD/YPG сынды террорист топтардың жағдайынан пайдалануына рұқсат бермеу керектігі жеткізілді.

Аталмыш ынтымақтастықтың жалғастырылуы жөнінде келіскен Давутоғлұ мен Мекель НАТО-ның Эгей теңізінде келімсектермен күресуге үлес қосу мақсатымен жасалған жұмыстардың атқарылуының маңыздылығын да түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар