Террористтердің шабуылында 1 полиция шәйіт болды

Қауіпсіздік күштерінің ел көлеміндегі операцияларында 8 террорист өлтірілді.

440829
Террористтердің шабуылында 1 полиция шәйіт болды

Мардиннің Нусайбин ауданында ПКК террор ұйымы мүшелері сауытты көлікке зымыран шабуылы жасады. Шабуылда 1 полиция шәйіт болды, 2 полиция жарақат алды.

Дижле аумағында сауытты полиция көлігіне таңғы уақытта террористтер зымыранды шабуыл жасады.

Шабуылда сауытты көліктегі 3 полиция жараланды.

Ауыр күйдегі бір полиция ауруханада шәйіт болды.

Батманда болса террористтер жастар орталығына шабуылдады.

Шабуылда қаза тапқан не болмаса жараланған болмады.

Шабуылда лақтырылған 3 дауыс бомбасы орталықтағы студенттер арасында үрей туғызды.

Оқиғаның артынан аймаққа сауытты көліктермен көптеген арнайы жасақ жіберілді. Террористтерді ұстау үшін операция басталды.

Басқа жағынан Шырнактың Идил ауданындағы операцияда 5, Диярбакырдың Сур ауданында 3 барлығы 8 террорист өлтірілді.

Қауіпсіздік күштерінің террор ұйымына бағытталған операциялары аясында болса Ығдырда бөлшектеуші террор ұйымы тарапынан қолданылған 2 үңгір табылды.

Үңгірдегі іздестіру жұмыстары барысында террор ұйымына тиесілі әртүрлі материалдар мен құжаттар қолға түсті.



Ұқсас жаңалықтар