Түркияға риза болды

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ян Элиассон Түркияда сириялықтардың «қонақ» деп аталуын мақтады.

436927
Түркияға риза болды

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ян Элиассон Түркияда сириялықтардың «қонақ» деп аталуын мақтады.

Элиассон Газиантептің Низип ауданындағы сириялық 14 мың 700 қонақ тұратын шатыр кент пен құрастырмалы қалаға барды.

Алдымен шатыр және құрастырмалы кент басшыларынан брифинг алған лауазымды артынан балалар білім алатын мектеп, әлеуметтік базалар және медициналық базаларды аралап көрді.

БҰҰ бас хатшы орынбасары сириялық азаматтардың шатырына кіріп, сөйлесті.

Элиассон босқындарға байланысты жұмыстарға қанағаттанғанын білдірді. Ол: «Түркияның сириялық босқындар үшін істегендерін әлем біледі. Алайда соғыс бітуі керек. Бұл соғыстың әскери шешімі болмауы керек. Себебі адам шығыны өте көп» деді.



Ұқсас жаңалықтар