Ердоған мен Обама телефонда сөйлесті

Обама Ердоғанға көңіл айтып, YPG-нің ілгерілеуінің алаң туғызғанын білдірді

436067
Ердоған мен Обама телефонда сөйлесті

Анкарада болған соңғы оқиғадан кейін Президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ Президенті Барак Обама телефон арқылы сөйлесті.

АҚШ Президенті Обама Ердоғанға көңіл айтып, YPG-нің ілгерілеуінің алаң туғызғанын білдірді.

Екі лидер арасында кешегі телефон кездесуінде Сириядағы соңғы оқиғалар және террормен күресу тақырыбында АҚШ-Түркия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы қолға алынды.

АҚШ Президент Обамаға шабуыл жөнінде мағлұмат берген Президент Ердоған террормен күресу тақырыбында одақтастың селбесудің маңыздылығын меңзеді.

АҚШ-тың бір НАТО одақтасы ретінде Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қолдау жасау тақырыбындағы табандылығын қайталаған Обама Түркияның заңды қорғау құқығының бар екенін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар