100 түрік әскері Сирияға кірген жоқ

Исмет Йылмаз 100 түрік әскерінің Сирияға кірмегенін айтты

432574
100 түрік әскері Сирияға кірген жоқ

Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмаз 100 түрік әскерінің Сирияға кіргені жөніндегі пайымдауды теріске шығарды.

Йылмазға бағытталған сұрақтар ішінде Дамаск әкімшілігінің Біріккен Ұлттар Ұйымына жазған хатында орын алған «Түрік әскерлерінің Сирия территориясына кірді» деген пайымдау да бар еді.

Министр Йылмаз осы пайымдауға «Сирияға 100 түрік әскері кіргені жөніндегі қауесеттер дұрыс емес» деген жауап берді.

Шекара қауіпсіздігі жөнінде ең дамыған технологиялық әдістер үстінде шоғырланғандарын баяндаған Исмет Йылмаз түрік әскерлерінің Сирияға кіру сынды бір ойының болмағанын да білдірді.

Министр Йылмаз Түркия территориясына әуеден оқ түскеннен кейін YPG мүшелеріне қарсы жауап бергенін айтты.

Исмет Йылмаз Сауд Арабиясымен принцип ретінде келіскенін және 4 дана F ұшағының Түркияға келетінін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар