Түркияда 9 шәйіт

Шырнакта түнде әскерлердің көлігіне шабуыл жасалып, бір полиция қызметкері шәйіт болды. Бірі жараланды.

429965
Түркияда 9 шәйіт

Шырнакта түнде әскерлердің көлігіне шабуыл жасалып, бір полиция қызметкері шәйіт болды. Бірі жараланды.

Қаланың Идил ауданында болса Сирия шекарасынан Түркияға кіруге тырысқан шамамен 10 адамдық террорист тобы мен оларды байқап қалған әскерлер арасында қақтығыс шықты. бір әскер шәйт болып,. 3 әскер жарақат алды.

Ауданда 1 ақпанда террористтердің бомба тұзағында жарақат алған полиция қызметкері Тайфун Юдже мен сол күні Диярбакырдың Сур ауданында жараланған әскер Хасан Талай да әскери ауруханада кеше қайтыс болды.

Улудере ауданында болса мемлекеттік қызметкерлер мінген көлік жарылды. Жарылыста Ахмет Артты, Дияр Ослу шәйіт болды. Абдулкерим Ослу жараланды. Олардың үшеуі де жұмысқа шәйіт жақыны ретінде қабылданған еді.

Джизредегі қақтығыстарда да полиция қызметкері Осман Юрт пен қатардағы әскер Ведат Доланчай шәйіт болды.

Оқиғада 2 әскер мен бір полиция қызметкері жараланды.

Басқа бір қайғылы хабар да Сур ауданынан келді. Кеше Диярбакырдың Сур ауданында террористтердің шабуылында жараланған бір әскер ауруханада шәйіт болды.



Ұқсас жаңалықтар